Мәдениет

Елдік пен бірлік жыры

Бас қалада «Елім дегендер» республикалық байқауының қорытындысы шықты. Шара мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, халық бірлігін насихаттауға бағытталған. Байқауға әр өңірден 14-35 жас аралығындағы 120 этнос өкілдерінен құралған 300-ден астам үміткер қатысты.

Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің басқарма басшысы Бауыржан Мәстеков өз сөзінде мемлекеттік тіл қазіргі таңда азаматтық интеграцияның тиімді құралы және мәдени-рухани бірліктің тұлғасы ретінде әрекет ететінін атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша «Аспаптық өнер» аталымында Диана Фахрудинова, «Дәстүрлі ән» аталымында Асқар Күрешов, «Ақындық мүшәйра» аталымында Зухра Атажиева, «Көркемсөз өнері» аталымында Екатерина Марголина жеңімпаз атанды. Олар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button