Жаңалықтар

Елдiң қамы елеусiз қалмайды

«Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының кезектен тыс 16 конференциясы өттi. Жиында ұйымның iшкi жұмыстары сараланып, сонымен қатар елордалық партия белсендiлерi Елбасы Жолдауында айқындалған мiндеттердiң орындалу барысын талқыға салды.  «Қазақстан» орталық концерт залында өткен конференцияны «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов жүргiздi.

Алдымен елордалық белсен­дiлер пар­тияның Саяси кеңе­сiнiң құрамын және Бақы­лау-тексеру комиссия­сының құра­мын қайта қарап, бiрқатар өзге­рiстер ен­гiздi. Одан соң елорда­лық филиал төр­ағасының бiрiншi орынбасары Қай­рат Жаңабергенов ұйымның тын­дырған iсiн баяндап бердi. Жал­пы, өткен жылы партияның  қоғамдық қабыл­дауына 8 мың­нан астам адам келген. Оның 7 мы­ңы­­на заңдық кеңес берi­лiп, 1 мың өтi­нiш иесiне жазбаша жа­уап жолда­ныпты.

Бұдан соң конференция деле­гат­тары сөз алып, мiнберден Елбасы Жолдауы жүктеген мiндеттердiң орындалу бары­сы туралы ойларын ортаға салды. Мә­жiлiс депутаты Гүлжан Қара­ғұсова өткен жылы Астанада «Жұмыспен қамту» бағдар­ламасы бойынша бөлiн­ген қаржы толық игерiлмегенiн айтты. Ха­лық­пен жиi дидарла­сатынын алға тарт­қан депутат тұрғын үй мәселесiне де тоқ­талды. Бұған Астана әкiмi Иманғали Тас­мағамбетов былай дедi: «Қа­зiргi таңда тұрғын­дарға қол­жетiмдi баспана мен азамат­тарды жұ­мыспен қамту мәселе­сiнiң өзектi екен­дiгiмен келi­семiн. Әрине, бiз респуб­лика тұрғын­дарына тек Аста­на­дан ғана жұмыс тауып берiп немесе оларды тұрғын үй­мен тек елор­дада ғана қамтамасыз етiп, қалып­тасқан мәсе­ленi түбегейлi шеше алмай­мыз. Еңбек ре­сурс­тарының басым бөлiгi бiзге елор­дада емес, ай­мақтарда аса қажет. Сон­дықтан бiзге өзiмiз атап өткен мәсе­лелердiң аймақтарда шешi­луiне ықпал ететiн мықты мем­лекеттiк бағдарлама қажет. Қа­зақстанда бүгiнде әр аза­мат­тың әлеуметтiк мәселелерiнiң өзi туып-өскен жерiнде шешi­летiндей жағдай жасау қажет».  Бұдан соң Елба­сы Жолдауында баса айтылған баспана мәсе­лесiне де тоқталды. «Бiз нарық­тық эко­номикада өмiр сүрiп жатырмыз. Кеңес үкiметiнiң өзi халықтың бар­лығына тегiн үй бере алмаған. Бұл – қол жет­пейтiн аңыз. Әр адам өз үйiне өзi ақша табуы тиiс. Бұл iске өз бiлiмдерi мен мүм­кiндiктерiн жұмсап, еңбек ету керек. Мем­лекет баспананың бағасы қол­жетiмдi болуына барынша жағ­­дай жасайды» деген ол пар­тияның барлық мүшелерiнiң алдында  үлкен мiн­дет тұр­ға­нын айтты. Ол – «нұротандық­тардың» халыққа берген уәдесi мен сертiне адалдық танытуы қажеттiгi.

– Қалалық партия мүше­лерiнiң ең басты мiндетi – осы елде жүргiзiлiп жат­қан сая­сатты елге түсiндiру. Бұл «тың­далмаса, тыңдалмасын, айтыл­маған сөз қалмасын» деп қызыл сөзге жүгiну емес, елдiң мұң-мұқ­тажына ортақтасу, оны атқарушы органға жеткiзу, сол бойынша нақты iс-әрекет атқару, – деп түйiндедi өз сөзiн  И.Тасмағамбетов.

Конференцияға қатысушылардың бiр тобына жемiстi еңбектерi үшiн Құрмет грамоталары табыс етiлдi.

Айнұр ШОШАЕВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button