Басты ақпарат

  ЕЛДОС – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!

    11922023_893002200774831_1613424240_o

 Астанада басталған әлем чемпионатының алғашқы күні бірінші чемпионның құрметіне Қазақстан әнұраны шырқалды. Байрақты бәсекеде 60 келі салмақта сынға түскен қазақтың қос балуаны финалға шықты. Алтын медаль иегері – Елдос Сметов, күміс жүлдегер – Рүстем Ибраев.

   Елдос жартылай финалда Оңтүстік Корея балуаны Ким Вон Чжинді, ал Рүстем болса Жапония дзюдошысы Тору Сисимені тізе бүктірді.

   Елдос Сметов – дзюдо күресінен әлем чемпионы атағын жеңіп алған екінші қазақстандық спортшы болып отыр. Осыған дейін 2009 жылы Максим Раков әлем біріншілігінің жеңімпазы болған.

   Жеңіс құтты болсын, жанкүйер қауым, демекпіз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button