Sport

Елдос ерледі

Қазақ балуаны Елдос Сметов Ресейдің Екатеринбург қаласында дзюдодан өткен «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов 60 кг салмақ дәрежесінде бәрінен мықты болды. Ол финалда ресейлік балуан Ислам Яшуевті таза жеңіспен тізе бүктірді. Қарсыласын айналдырып түсірген Елдостың күресі 2 минут 20 секундқа созылды.
Алтыннан алқа таққан Сметов бұл турнирде төрт балуанмен күресіп, бәрін иппонмен жеңді. Ол жарақатына байланысты араға бір жыл уақыт салып бозкілемге оралды.
Елдос бұған дейін 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, 2015 жылы әлем чемпионы, 2014 жылы Азия чемпионы және 2014 жылғы Азия ойындарының алтын жүлдегері атанған.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button