Білім

Үздік оқушы

Дарынды оқушылар – ел болашағы, келешегіміздің үміті. Білім бәсекесінде биіктен көріну, мақсатқа қол жеткізу – озат оқушының арманы, ұстаздың жетістігі. Арманына қанат байлаған сондай білімді оқушының бірі – Бауыржан Момышұлы атындағы №62 орта мектептің 7-сынып оқушысы Елдос БАҚТЫҒАЛИЕВ.

Елдос Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Отбасында 4 баланың тұңғышы. Кішкентайынан ата-әжесінің тәрбиесінде қазақтың рухани құндылықтарын бойына сіңіріп өскен.

Ерекше қабілетімен танылып келе жатқан оқушы Мұқағали Мақатаев пен Абай Құнанбайұлының шығармашылығын сүйіп оқиды. Бүгінде «Өнерлі бала», «Қазақтың қара өлеңі – құдіретім», «Жамбыл жырлары», «Батыр­лар жыры кісілікке баулиды», «Поэзия әлемі», «Поэзия, менімен егіз бе едің?!», «Адамзаттың Абайы», «Ленинградтық өренім», «Жамбыл жырлары» атты облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы.

Бос уақытында ұлттық спортпен айналысатын Елдос­тың бұл салада да жетістігі бар. Жекпе-жектен 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Ақтөбе облысы чемпионатының 3-орын иегері.

2021 жылы Жамбыл Жабаев­тың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық «Жамбыл жырлары» атты облыстық мәнерлеп оқу байқауында үздік шыққаны үшін облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

«Үздіксіз даму үздіксіз еңбекті қажет етеді. Сондықтан оқушының мүмкіндігін ескере отырып, оны үнемі дамыту қажет» дейді жас дарынның жетекшісі Айдана Сейтимова.

Елдостың жетістіктері:

* «Oizerek» қашықтан шығармашылық байқау өткізу порталы ұйымдастырған «Өнерлі бала» атты байқаудың II дәрежелі диплом иегері, 2019 жыл;

* Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған дара тұлға Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Қазақтың қара өлеңі – құдіретім» атты қалалық байқаудың III дәрежелі диплом иегері, 2019 жыл;

* Ұлттық спорт түрі – жекпе-жектен 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасындағы және одан кіші балалар арасындағы Ақтөбе облысының чемпионатындағы 29 кг салмақ дәрежесінде 3-орын иеленді, 2019 жыл;

* Оқушылар мен студенттерге арналған «IQ olimpiada-2020» атты II рес­публикалық пәндік олим­пиадасының қазақ тілі бойынша II дәрежелі диплом иегері, 2020 жыл;

* Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткізілген облыстық «Жамбыл жырлары» байқауына қатысып, білімі мен шығармашылық қабілетін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін I дәрежелі диплом.

* «Батырлар жыры кісілікке баулиды» атты республикалық жыр оқу жарысы нәтижесінде I дәрежелі диплом, 2020 жыл;

* «Kazrio.kz – жас өркен» білім мен қабілетті дамыту орталығы ұйымдастырған жалпы республикалық байқауға қатысып, «Поэзия әлемі» атты шығармашылық байқауда даралығын көрсетіп, ерекше өнерімен үздік деп танылып, I дәрежелі дипломмен марапатталды, 2020 жыл;

* Республикалық «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауында «көркем сөз» жанры бойынша I дәрежелі диплом, 2021 жыл;

* «Адамзаттың Абайы» атты халықаралық байқауға белсене қатысып, ұлы кемеңгер, ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына деген құрмет көрсете білгені «Өлең сөздің патшасы – хакім Абай» номинациясы бойынша жүлделі I орын иегері, 2021 жыл.

Мектебінің ғана емес, елордалық оқушылардың лидеріне айналған Елдосқа тілеріміз – өмірде де, білімде де қатарының алды болсын дейміз.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button