Елорда тынысы

Электрге төлем қайта есептеледі

«Астана-АЭК» АҚ желтоқсан айы үшін қате есептеліп кеткен электр ақысы төлемін автоматты түрде қайта есептейтін болды. 

«Астанаэнергосбыт» ЖШС электр қуатын есептеу құралындағы көрсеткіштерді 20-25 желтоқсанда, ал «Астана-АЭК» 20-30 желтоқсанда алды. Соның салдарынан 2022 жылдың желтоқсан айындағы төлемақы 30-25 күнтізбе күніне шығып кеткен. «Астана АЭК» акционерлік қоғамының ресми мәліметі бойынша, екі кәсіпорынның деректері екі түрлі болуынан қате кеткен.

– «Астанаэнергосбыт» ЖШС кейбір тұтынушылардың есептеу құралындағы көрсеткішін шартты түрде есепке алған. «Астана-АЭК»-ке көшкеннен кейін есептеу құралындағы көрсеткіштер нақты жағдай бойынша есептелді. Аталған айырмашылықтар талданып, кейін артық төленіп кеткен сома алдағы айдың төлемдеріне аударылады. Бұл мәселе бойынша «Астана АЭК» АҚ-ның Абай көшесі, 80 мекенжайындағы кеңсесінде тұтынушыларға 20 маман қызмет көрсетеді. Ол үшін аталған мекенжайға бару міндетті емес, – дейді «Астана-АЭК» басқарма төрағасының сату жөніндегі орынбасары Ғабидолла Қожабаев. Ал тұтынған электр қуаты дұрыс есептелгеніне көз жеткізгісі келген астаналықтар «Астана АЭК» кәсіпорнына өз дербес шотын көрсетіп, өтініш жазу керек. «Өтінішті суретке түсіріп, «Астана АЭК»-тің электронды поштасына жолдауға болады. Біз бұл өтінішті пысықтап, келесі айдың есебінде түзетеміз. Егер келесі айда түзету байқалмаса, бізге жүгінуге негіз болады» деді кәсіпорын өкілі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button