Жаңалықтар

Электронды шот-фактура енгізіледі

Бұған дейін қаржы саласындағы есептік-түбіртек, яғни, шот-фактура қағаз түрінде қолға беріліп келсе, енді келесі жылдың 1 шілдесінен бастап электронды шот-фактура жүйесі енгізілмек. Бұл қосымша құн салығын төлеуден жалтарып отырған компанияларды еш қиындықсыз табуға септігін тигізбек.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Әнуар Жұмаділдаев мәлімдеді.

Салық комитетінің былтырғы деректеріне сүйенсек, ел бойынша 63 850 салық төлеуші 56 миллионға жуық шот-фактура жазып берген. Осы ретте қосымша шығындар да көп болған. Қазір бір шот-фактураның бағасы 100 теңге болып тұр. Егер электронды шот-фактуралар енгізілсе, бұл бизнес өкілдеріне де тиімді. Олар үшін ең төменгі үнем жыл сайын 5 миллиард теңгеге жетпек. Әрі электронды жүйе қосымша құн салығы бюджетке толық түсуіне де жол ашатын болады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button