Sport

Елеусінов ерледі

Жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста IBO тұжырымы бойынша әлем чемпио­ны атанды.

[smartslider3 slider=1550]

Өткен сенбі күні елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен кәсіпқой бокс кешіндегі ең басты айқас қазақстандық Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леал арасында өтті. Он екі раудтық жекпе-жек барысында жерлесіміз қарсыласының адымын аштырмай, өзінің шеберлігін дәлелдеп шықты.

Данияр Елеусінов төрешілердің бірауыз шешімімен аргентиналық боксшыны ұпай санымен жеңіп, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдас­тырылған бокс кеші өз мәресіне жетті. Қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысым зор. Ендігі басты мақсат – жартылай орта салмақ дәрежесіндегі қалған чемпиондық белдіктерді жинау» деп жазды Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button