Ел тынысы

Елге гүлді қай елдерден импорттайды

Былтырғы қаңтар-желтоқсан аралығында Қазақстан жалпы сомасы 93,5 млн АҚШ долларына 12,3 мың тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Салыстырып өтсек, 2023 жылы гүл импорты ақшалай мәнде 61,2 млн доллар болған (8,2 мың тонна).

Былтыр гүлдер әлемнің 53 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінген.

2024 жылы гүлдердің ең ірі жеткізушілері: Эквадор – 6,4 мың тонна, Нидерланд – 2,3 мың тонна, Қытай – 1,1 мың тонна, Колумбия – 978 тонна және Кения – 975 тонна болды.

Аталған кезеңде Қазақстан ТМД елдеріне гүл шоқтарын жасауға арналған 1,5 мың тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін экспорттаған.

Айта кетейік Алматы мен Шымкентте бәйшешек гүлдеп жатқаны туралы жазған едік.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button