Қоғам

Елге келуші шетелдіктердің саны артқан

Соңғы жылдары елге келуші шетелдіктердің саны артып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазақстанға келетін шетелдіктерге инвестициялық және туристік тартымдылықты арттыру үшін елеулі шаралар қабылданды. Бүгін 87 мемлекеттің азаматтары елімізге визасыз кіре алады. 109 мемлекеттің азаматтары электрондық визаны рәсімдей алады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов хабарлады. Оның айтуынша, соңғы жылдары елге келуші шетелдіктердің саны артуда.

«Былтыр елімізге 15 млн-нан астам шетелдік кіріп-шықты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 млн-ға артық. Биыл Қазақстанға 2 млн 800 мың шетелдіктің кіруі белгіленді», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button