Еліміз үшін өткен жыл оңай болмады
Президенттің «Ana tili»газетіне берген сұқбатын оқып шықтым. Онда Мемлекет басшысы Қазақстанның өткен жылы атқарған маңызды істері мен экономикалық дамуы, әлеуметтік салалардағы жетістіктері, сондай-ақ сыртқы және ішкі қиындықтарға қарамастан қабылданған реформалар туралы кеңінен толғанып айтқан екен.
Мысалы, Президент сөз арасында «18 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді» және «7 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жөнделді» деген деректерді айтыпты. Бұл еліміздің инфрақұрылымдық дамуының қарқынды жүріп жатқанын, тұрғын үй мен көлік жолдарының сапасын арттыру үшін атқарылған жұмыстардың біз ойлағаннан да жоғары деңгейде екенін көрсетеді.
Сонымен бірге сұқбатта Тау-кен, мұнай-химия және металлургия салаларында жүзеге асырылған ауқымды жобалар туралы да айтылыпты. Шын мәнінде мұның бәрі де еліміздің дамуына жасалып жатқан батыл қадамдар деп есептеймін.
Өйткені қайта өңдеу секторының өсуі өнеркәсіптің маңызды бөлігі болып саналады. Бұл экономиканың түрлі салаларының тұрақты дамуының көрсеткіші.
Бұдан біз еліміз үшін өткен жыл шын мәнінде маңызды әрі ерекше жыл болңанын толық аңғарамыз. Әрине өткен жылы халықаралық аренада да Қазақстанның рөлі айтарлықтай артты. Әсіресе, экономикалық реформалар мен әлеуметтік қолдау бағдарламалары халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға үлкен әсер етті. Президенттің бастамасымен жүзеге асқан «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы сияқты бастамалар елдің болашағы үшін жасалған маңызды инвестициялар болып саналады. Бұл қадамдар балаларға, жастарға, жалпы қоғамға жасалған инвестиция ретінде бағалануы тиіс деп ойлаймын.
Бір ақ ауыз сөзбен айтқанда біз бұдан үкімет пен халықтың арасының жіксіз жақындасқанын да байқап отырмыз. Сондықтан мемлекетіміздің өркендеуіне әрбір азамат өзінің білімі арқылы, парасаты арқылы еңбек етіп, терін төксе екен деп тілеймін.
Ғабит Сәрсенбай, запастағы полиция майоры, Астана қаласы