Ел тынысы

Елімізде колледжге түсу қағидалары жаңартылды

Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгеріс енгізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Атап айтқанда, арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан немесе мүгедек болған әскери қызметшілердің, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің балаларының өтініші негізінде мемлекеттік грант конкурстан тыс тағайындалады.

Сондай-ақ егер отырысқа комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, құжат қабылдау және емтихан комиссиясының шешімі заңды болып есептеледі және қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданады. Егер дауыс беру тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешеді. Сол сияқты комиссия хатшысы емтихан комиссиясының мүшесі болмайды.

Емтихан комиссиясының қорытынды отырысында аудио немесе бейнежазба жүргізіледі және ол колледж мұрағатында кемінде бір жыл сақталады.

– Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледжде білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, рухани білім беру ұйымдарына, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар орта буын мамандықтарына түсушілерді мамандықтың бейініне сәйкес оқуға қабылдау колледждің жобалық мүмкіндігін ескере отырып, тұлғалардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады, – делінген министрдің бұйрығында.

Тағы бір жаңашылдық талапкер бір ғана өтінішпен оқуға құжаттарды қабылдау, жатақхана беру және жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ, қорғаншылық пен патронаттағы азаматтарды тегін тамақпен қамту туралы мемлекеттік қызмет ала алады.

Оқу-ағарту министрлігінің техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат, өтініш қабылдау қағидаларымен толығырақ сілтеме арқылы өтіп танысуға болады.

Жыл басында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев колледждердегі білім сапасы неге төмен екенін айтқан еді.

Айта кетейік, елімізде колледждерде 1 студентке бөлінетін қаржы екі есе артады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button