Ел тынысы

Елімізде нашар көретін адамдарға арналған кітаптардың саны артады

ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов нашар көретін адамдарға арналған кітапханалардың санын арттыруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

– Қазіргі кезде нашар көретін адамдарға арналған кітапханалар желісінде 17 нысан қамтылған. Оның біреуі республикалық, жетеуі облыстық және қалалық деңгейдегі кітапханалар бар, сондай-ақ 142 кітапхана пункті жұмыс істеп тұр. Бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Сонымен қатар, Марракеш шарты аталған кітапханалар санын көбейтуге ықпал етеді, – деді

Е. Кочетов сенаторлардың сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бұл кітапханаларда 43 Брайль принтері, 39 Брайль дисплейі және бірнеше арнайы топографиялық құрылғылар бар.

– Марракеш шарты аясында осы кітапханалардағы кітап қорының артуы жоспарланған. Қазір біздегі қорда 1 млн қамтылған, оның арасында Брайль қарпімен жазылған 198 мың кітап бар. Жыл сайын осы санаттағы кітаптар артып келеді. Сондай-ақ, көру қабілеті нашар жандарға арналған мамандандырылған кітапханамыз былтырдың соңында Алматыда жаңа ғимаратқа ие болғанын хабарлаймын. Енді ол 3500 шаршы метр аумақта қызмет етеді. Онда көру және есту қабілеті нашар адамдардың жұмысына арналған Брайль шрифтімен әдебиеттерді басып шығаруға арналған мамандандырылған баспаханаларды ашқымыз келеді, – деп түсіндірді вице-министр.

Айта кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Зағиптардың және көру қабілеті бұзылған немесе баспа ақпаратын қабылдау қабілеті өзгедей шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Марракеш шартын ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.

2024 жылдың аяғында Алматы кітапханаларына Брайль дисплейлері орнатылғанын жазған едік.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button