Ел тынысы

Елімізде қымыз бен шұбат өндірісі 37 пайызға азайды

Былтыр Қазақстанда 617,7 млрд теңгеге сүт өнімдері шығарылды, ал өсім 22,3%-ға артты. Дегенмен қымыз, шұбат өндірісі азайған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Былтыр елімізде 621 мың тонна сүт пен кілегей өндірілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3,7%-ға артық. Сондай-ақ сары май мен сүт өнімдері (4,6%-ға), майсыз (30,2%-ға) және майлы (9,2%-ға) сүзбе, сол сияқты үгітілген, ұнтақталған және балқытылған ірімшіктер (3,5%-ға) артығымен өндірілді. Сонымен қатар йогурт пен ашытылған ірімшіктерден басқа өңделмеген ірімшіктер, ашытылған сүт пен кілегей (4%) шығарылды.

Дегенмен қатты түрдегі сүт өндірісі, керісінше, 6,2%-ға, яғни 5,2 мың тоннаға дейін қысқарды. Балқытылған ірімшіктер (7,2% – ға), сондай-ақ қымыз (37,4% – ға) және шұбат (37,9%-ға) азайды.

Өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша сүт өнімдерінің бағасы бір айда 0,7%-ға өсті, бір ай бұрын 0,7%-ға, ал 2023 жылдың желтоқсанында — 0,3%- ға ғана қымбаттағаны байқалды. Айта кетсек, сүт өнімдерінің бағасы 2016 жылдың шілдесінен бастап өсіп келеді.

Бір жыл ішінде сүт өнімдері 6,1%-ға қымбаттап, бағаның 11,2%-ға өсуі байқалды. Атап айтқанда, сүт 7,4%, ашытылған сүт өнімдері 6,9%, ірімшік пен сүзбе бағасы 4,7%-ға, ал консервіленген сүт 3,5%-ға өсті.

Өткен жылдың қаңтар–қыркүйек айларында сүт және сүт өнімдерін тұтыну әрбір қазақстандыққа орта есеппен 173,3 келі, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,6%-ға артық. Өңірлерге келсек, сүт өнімдерінің басым бөлігі Ақмола облысында тұтынылды, жан басына шаққанда 221,2 кг. Одан кейін Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысына тиесілі. Сүт өнімдерін Шымкент тұрғындары аз тұтынатын болып шықты.

2024 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша халықтың сүт өнімдеріне 14,6 мың теңге жұмсаған. Бұл барлық тұтыну шығындарының 5,4% және азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған шығындардың 10,8%-ын құрайды.

Астана және Алматы тұрғындары сүт және сүт өнімдеріне көп шығынданады, ал ең аз шығынданатын Түркістан облысы болып шықты.

Еске салсақ, былтыр қымыз ішкен адам алкотестерден өтсе, нәтиже қандай болатыны туралы жазған болатынбыз.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button