Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДЕ СОТТАЛҒАНДАР САНЫ 4%-ҒА ҚЫСҚАРДЫ

Ж.Асанов

Қазақстанда сотталғандар саны 4%-ға қысқарды. Соттар 2014 жылы қылмыс жасағандарды  балама жазаға көбірек тарта бастады. Атап айтқанда биыл бас бостандығынан айырылғандар саны 35 пайыз болса, балама жаза тағайындалғандар 65 пайызға жетті. Бұл туралы  жақында өткен  «Түзеу мекемелеріндегі жұмыспен қамту» атты екінші форумда ҚР Бас прокурорының орынбасары  Жақып Асанов айтты.

ҚР Бас прокуратурасы мен PRI (Халықаралық түрме жүйесі) ұйымы Қазақстандағы сотталғандарға арнап «Сотталғандарға арналған 100 іс» атты бизнес-жәрдемші әзірледі. .

«Біз PRI-мен бірлесіп оқуға жеңіл әрі түсінікті тілмен «Сотталғандарға арналған 100 іс» атты бизнес-жәрдемші әзірледік. Әр іске 2-3 бет арналған. Онда бизнесті қалай бастап, қалай жүргізу керектігі, түрме жағдайында қандай іспен айнплысуға болатына жан-жақты түсіндіріледі», – деді ол.

Ж. Асановтың айтуынша, ҚР Бас прокуратурасы сондай-ақ, жыл сайын сотталғандардың арасында «Ең үздік бизнес-жоба» конкурсын өткізуді ұсынады.

.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button