Ел тынысы

Елімізде туберкулезбен күресу айлығы өтуде

Қазақстанда биыл 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында «Туберкулез дертімен күрес» айлығы өтуде. Оның қорытындысы 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күнінде шығарылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Туберкулез – бұл туберкулез микобактериясынан туындаған инфекционық ауру, бұны тағыда оны тапқан ғылымның атымен Кох таяқшасы деп атайды. Туберкулез көбінесе өкпені зақымдайды, бірақ басқа органдарда да болуы мүмкін. Инфекцияның көзі өкпе туберкулезбен ауырған адам болып табылады.

Келесі факторлар туберкулез ауруды жұқтыруға ықпал етеді:
🔺туберкулезбен ауыратын адаммен байланыс;
🔺дұрыс және жеткіліксіз тамақтанбау;
🔺нашар тұрмыстық жағдай;
🔺стресстік жағдайлар;
🔺темекі шегу;
🔺АИТВ\Житс;
🔺маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық;
🔺созылмалы аурулар(өкпе, қант диабеті, жара ауруы).

Туберкулездің негізгі белгілері:
🔺екі аптадан артық уақытқа созылған жөтел;
🔺дене салмағының азаюы;
🔺дененің қызуы 37,00 С – 37,50 С көтерілуі;
🔺тершендік;
🔺жалпы әлсіздік, тез шаршау, жүдеу
🔺кеуде тұсының ауыруы;
🔺тершендік;
🔺дене салмағының азаюы;
🔺дененің қызуы 37,00 С – 37,50 С көтерілуі;
🔺жалпы әлсіздік, тез шаршау, жүдеу;
🔺тәбетінің жоғалуы.
Осы симптомдар болған жағдайда дереу дәрігерге бару керек.

Туберкулездің алдын алу бойынша шаралар:
🔺Туу кезінде БЦЖ егу және 6-7 жаста қайталап егу міндетті.
🔺ересектер мен 15 жастан бастап жасөспірімдерге жыл сайын флюорографиялық тексеруден өту;
🔺балаларға арналған Манту сынамасын жыл сайын қою;
🔺үй-жайларды үнемі ылғалды жинау, желдету;
🔺 иммунитетті арттыру(ағзаны шынықтыру, витаминдер, дене шынықтыру);
🔺Дені сау өмір салты, дұрыс тамақтану, жеке гигиена ережелерін сақтау;
🔺темекі шегуден бас тарту;
🔺Туберкулезді уақтылы диагностикалау және толық емдеу курсын аяқтау

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button