Ел тынысы

Еліміздегі дәрі-дәрмектің 53,2% цифрлық таңбаланған

Бүгінде дәрі-дәрмекті таңбалау жүйесіне 8 мыңнан астам дәріхана, 1900-ден астам медициналық мекеме қатысып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде дәрі-дәрмекті цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесін біріздендіру аяқталды. Бүгінде жүйеде 19 отандық тауар өндіруші, 276 көтерме сату субъектісі, 8 мыңнан астам дәріхана және 1900-ден астам медициналық ұйым жұмыс істейді.

— Ірі дистрибьюторлар таңбаланған препараттардың 60,9 млн қаптамасын әкелуді жүзеге асырды, оның 46 миллионы айналымға енгізілді. Дәріханалар 48,4 миллион қаптама қабылдады және 29,2 миллион қаптама дәрі-дәрмек айналымнан шығарылды. Цифрлық таңбалау енгізілген сәттен бастап (2024 жылғы 1 шілде) отандық өндірістегі 110,4 млн дәрі-дәрмек таңбаланып, 76,8 млн айналымға шықты, — делінген хабарламада.

Осы орайда ведомство препараттарды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесінде дәрі-дәрмекті уақтылы қабылдау мен айналымнан шығарудың тұрақты мониторингі жүзеге асырылатынын хабарлап отыр.

Мәселен, осы наурыз айындағы жағдай бойынша медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектің 53,2%-ды таңбаланған, бұл қаңтардың соңындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 17,1%-ға жоғары.

Сонымен қатар  Денсаулық сақтау министрлігі таңбалау операторымен айналымға қатысушыларды оқыту және консультация беру бойынша жүйелі жұмысты, сондай-ақ дәрі-дәрмек айналымының барлық кезеңінде бақылау тиімділігі мен ашықтығын арттыру үшін ақпараттық жүйелердің талдамалық модулдерін жетілдіру процесін жалғастырып жатыр.

Еске сала кетсек, елімізде барлық дәрі-дәрмекті міндетті цифрлық таңбалау 2024 жылдың 1 шілдеде енгізілді. Аталған шара контрафактілік өнімдермен күресуге және дәрі-дәрмек нарығының ашықтығын арттыруға бағытталған. Өткен жылы қарашада таңбалау және қадағалау жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді, онда жобаның техникалық және ұйымдастырушылық дамуының негізгі бағыттары айқындалды.

Бүгін елімізде әрі-дәрмекті рецептісіз сату мәселесі реттелмей тұрғаны туралы жазған болатынбыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button