Мәселе

Еліміздегі су қоймалары тасқын суын қабылдауға дайындалып жатыр

Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат жиналысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары пысықталды. Бүгінгі таңда еліміздегі су қоймаларында бос орындар дайындалып жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мәселен, Астана су қоймасындағы су көлемі 83%-ға дейін төмендетілді. 20-шы желтоқсаннан бері 5,06 млн текше метр су жіберілді. Министрлік 2025 жылғы 1 сәуірге дейін қоймадағы су көлемін 300 млн текше метрге немесе 73%-ға дейін азайтуды жоспарлап отыр.

Ақтөбе су қоймасында 51 млн текше метрге жуық су бар. 1 сәуірге дейін 47,32 млн текше метрге дейін азайту жоспарлап отыр. Ал, Батыс Қазақстан облысындағы Бітік қоймасындағы су көлемі 34,45 млн текше метрге дейін азайтылды. Бүгінгі таңда су қоймасынан секундына 8,3 текше метр су жіберіліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы 79% толы. Министрлік 1 сәуірге дейін қоймадағы су көлемін тағы 8%-ға азайтуға ниетті. Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында 69 млн текше метр су бар. Көктемде тасқын суын қабылдау үшін су қоймасын 39%-ға дейін босату жоспарланып отыр.

Ұлытау облысындағы Кеңгір қоймасындағы су көлемі 86%-ға азайтылды. Көктемге дейін тағы 11%-ға жуық босату жоспарда бар. Қостанай облысындағы Жоғарғы Тобыл су қоймасында 585,4 млн текше метр су бар. Су қоймасының жұмыс режиміне сәйкес 1 сәуірге дейін су көлемін 499,37 млн текше метрге немесе 61%-ға дейін азайту күтілуде.

«Көктемде тасқын суын қоймаларға жинап қана қоймай, көлдер жүйесіне, табиғи жайылымдар мен шабындықтарға бағыттау өте маңызды. Сол себепті суды сауатты бөлу жұмысын алдын-ала жоспарлау қажет. Биыл шаруалар мен басқа да су пайдаланушылардың сұраныстары толық қанағаттандырылды. Өткен суару кезеңінде еліміздің шаруа қожалықтарына шамамен 11 млрд текше метр су берілді. Бұдан бөлек үлкен және шағын су айдындарын сақтау және қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс атқарылды»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button