Қоғам
Еліміздің 7 қаласында «Study in Kazakhstan» көрмесі өтті

«Study in Kazakhstan» көрмесінің басты мақсаты – Қазақстаннан тыс шықпай талапкерлерге өз елімізде шетелдік ЖОО-ларда оқу және шетелдік дипломға қол жеткізу мүмкіндігін беру. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан 2022-2024 жылдары аралығында 23 стратегиялық серіктестік орнатылды. Оның негізінде Қазақстанда 23 шетелдік ЖОО филиалдары мен қосдипломдық бағдарламалары іске қосылды. Биыл осындай тағы 11 стратегиялық серіктестік орнатылмақ, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Қазақстанда ашылып жатқан шетелдік ЖОО филиалдарын талапкерлермен және ата-аналармен, жалпы қоғамды таныстыру мақсатында министрлік Қазақстан аумағында ауқымды жобаны іске қосты. 29 қаңтар мен 12 ақпан аралығында еліміздің 7 қаласында «Study in Kazakhstan» көрмесі өтті. Әр қалада екі күннен 23 филиалдың өкілдерімен кездесулер өтті. Онда ата-аналар, талапкерлер бұл ЖОО-лар туралы толыққанды ақпарат алып, оларға түсу шарттарымен танысты», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Көрме 3 сәуір күні Ақтөбе қаласында, 7-8 сәуірде Атырауда, 10-11 сәуірде Жаңаөзенде ұйымдастырылады.