Басты ақпаратМәдениет

Еліміздің ең сәнді жұлдыздары

Бейбітшілік және келісім сарайы еліміздің ең сәнді жұлдыздары шоғырланған мекенге айналды. Осында ELLE журналы сән әлеміндегі үздіктерді үкіледі. «ELLE Style Awards Kazakhstan» байқауы – бренд пен тренд бағалаушыларын марапаттау салтанаты. Астана күніне орай елордада алғаш рет ұйымдастырылған шараға қала әкімдігі қолдау көрсетті. Айтулы шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты.

KBB_6791

Баршаңызды елордамыздың төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Астана күнін тойлау қарсаңында әртүрлі деңгейдегі шаралар өткізілуде. Бас қаламызда фэшн-жоба жасау көптен бері көкейде жүрген арман еді. Аталған ерекше байқау сән әлемінде өз орнын тауып, дәстүрлі түрде Астанада өтеді деген үміттемін, деді ол.

KBB_6816

Онлайн сайысқа түскен үміткерлер тек қана сәнді ғана емес, көрермен көзайымына айналды. Себебі, дауыс беруге 11500-ден астам адам қатысты. Бір айға жуық уақытта көрермен сүйікті әртісіне, сәнгеріне, дизайнеріне дауыс берді. 30 маусым күні үздіктердің есімі белгілі болды.

KBB_6823

Сонымен, «Дизайнер-тұрақты табыс» аталымында Айнұр Тұрысбек топ жарды. Бұл номинацияға іліккен әрбір дизайнер жарты жылда бір рет өз жеке топтамасын ұсынып отырады. Сатылымы жағынан да өте жақсы көрсеткіштерге ие. «Модель» аталымында ең үздік Қорлан Мади болып танылды. Болашағынан көп үміт күттіретін арудың есімі шетелге де танымал. Ол Fendi, Bulgari cән үйлерімен бірлесіп жұмыс істеді. Кейінгі кездері өзінің актерлік шеберлігін шыңдап жүр.

KBB_6831

Отанға оралып, елордамыздың көркейіп жатқанын аңғару, еліміздің шетелдегі танымалдығына куә болу мені қуантады. Келе жатқан қала күнімен астаналықтарды құттықтаймын, деді ол.

KBB_6834

Көпшіліктің таңдауы бойынша, жыл жобасына «Astana Ballet» театры ие болды. Жас та болса дарынды Данияр Сәрсеев үздік фэшн-фотограф атанды. Оның жұмыстары әлемдік басылымдарда жарық көріп үлгерді.

KBB_6845

«Elle Style Awards Kazakshtan» тұңғыш жүлдесінің тарихына көпке үлгі болатын «Отбасылық жұп» ретінде журналист, публицист Дана Орманбаева мен шоумэн Даут Шайхисламов енді. Төрт баланы тәрбиелеп отырған жұлдызды жұп шығармашылықтан бөлек, қайырымдылықпен де айналысады.

KBB_6864

Он жылдық тарихы бар «КешYou» мен «Ринго» топтары үздіктердің қатарынан табылды. Еліміздің ең стильді шоумэн атағы Тұрсынбек Қабатовқа берілді. Көрерменнің ең көп дауысын жинаған Айсұлу Әзімбаева мен Санжар Мәдиев «Театр және кино актерлері» аталымында үздік атанды.

Үздік «Startup» жобасы деп AUA (Almaty Urban Air) смартфон қосымшасы таңдалды. Бұл қосымша қаланың кез келген нүктесінен ауаның ластану деңгейін анықтап береді. Сондай-ақ, ауа температурасын, ылғалдылығын және жаяу жүруге қолайлы жерді таңдап беруге мүмкіндігі бар. Құрастырушысы – Әсия Төлесова.

KBB_6847

Алғаш рет қазақстандық ELLE журналының жеңімпаздары арасынан әнсүйер қауым екі дауысты таңдады. Жеңіс тұғырынан әнші Әли Оқапов пен Диана Шарапова көрінді.

Сән әлеміндегі жаңа есім – қазақстандық дизайнер Әсел Нүсіпқожанова. Киім үлгілерінде  ұлттық  колоритке  басымдылық  беретін ол сахнаға шығып, қатты қуанып, көз жасына ерік берді. Әсел «Mestiére» атты алғашқы топтамасының арқасында танымал.

KBB_6871

Марапаттаудың телевизиялық нұсқасын 5 шілде күні «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button