Ел тынысы

Еліміздің ұзақ мерзімді даму жоспары баяндалды

Мемлекеттің экономикалық әлеуетін, егемендігін және халықаралық аренадағы орнын нығайту – Мемлекет басшысы айқындаған басты міндеттердің бірі. «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ұзақ мерзімді дамуы бойынша жоспарларын баяндады.
Президент стратегиялық міндеттердің қатарында елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуді ерекше атап өтті. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы қазақстандықтарды толғандырып отырған бірыңғай уақыт белдеуін енгізу мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, наурыз айына дейін уақыт белдеуін өзгерту азаматтардың тұрмыс-тіршілігі мен ел экономикасына ықпалы жан-жақты зерттеледі.
Сонымен қатар Президент журналистпен әңгіме барысында Үкімет құрамында болуы мүмкін өзгерістер жөніндегі сұрақтарға жауап беріп, мерзімінен бұрын Парламент сайлауын өткізуге қатысты пікір білдірді. «Қазіргі уақытта мерзімінен бұрын Парламент сайлауын өткізуге негіз жоқ. Сайлау заңда көзделген мерзімде өтеді. Парламент ұзақ мерзімді жұмысқа бағытталған», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Ерлан Каналимов, 
Астана қалалық мәслихатының төрағасы 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button