Таным

«Елімнің тағдыры – менің тағдырым!»

Назарбаев Орталығының бастамасымен жыл бойы еліміздің түкпір-түкпірінде өткізілген «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты республикалық форумның қорытындысы  шығарылды.

Форум Семей қаласындағы «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Бұдан кейін жиналған жұрт Невзоровтар атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы мен Абай қорық-мұражайын аралады.

Назарбаев Орталығының ресми өкілі Оксана Лоскутова: «Қоғамның қозғаушы күшіне айналған форум бұқарадан қолдау тапты. Енді ол еліміздің барлық аймағында жыл сайын өткізілетін болады. Биылғы форум ақпан айында Ақмола облысынан бас­тау алды. Содан бері қалалық, аудандық, облыстық деңгейде 206 форум ұйымдастырылып, оған 70 мыңға жуық адам қатысқан. Осы жиынның жалауы Астана, Алматы қалаларында да желбіреді. Барлық форумда көрнекті қоғам қайраткерлері мен мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің қызметкерлері мен ғылыми, шығармашылық қауым, соғыс және еңбек ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, танымал спортшылар, сондай-ақ, жас­тар ұйымдарының көшбасшылары спикер атанып, сөз сөйледі. Олар Қазақстанның таңғаларлық жетіс­тіктерінің барлығында тұтас ха­лықтың, оның ішінде әрбір қазақ­стандықтың ерен еңбегі мен орасан зор үлесі бар екенін айтты» деді.

«Спартак» стадионында өткен форумға 10 мыңға жуық адам қа­тысты. Ең әуелі оларға Назарбаев Орталығы әзірлеген «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты деректі фильм көрсетілді. Осыдан соң Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев форумның қатысушыларына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Форумға Facebook әлеу­меттік желісінде дауыс беру ұйым­дас­тырылған. Әр облыстан қатысқан үміткерлердің ішінен 3 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде «Өз ісіне адалдығы мен тәлімгерлігі үшін» аталымына Қарағанды облысының өкілі Евгений Ермолаев лайық деп танылды. Батыс Қазақстан облысының үкілі үміті Дариға Міндеева «Өмірді құтқарудағы ерлігі үшін» аталымымен марапатталды. Ал «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» деген аталымда Қарағанды облысының тұрғыны Гүлнар Құрбанбаеваның жұлдызы жанды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button