Елорда тынысы

Елін сүйген, елі сүйген елбасы

1991 жылдың 1 желтоқсанында елдің тілегімен, халықтың қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев егемен еліміздің П резиденті болып сайланды. Өзінің тағдыры мен елінің тағдыры тоғысқан осы бір сындарлы кезеңде Елбасы «Мен халқымның тәуекеліне сендім. Өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған осындай текті халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының пешенесіне бұйырмаған бақытты – тәуелсіз мемлекет құрудың бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық бақыт жоқ, осы жолда мен бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын…» деп жүрекжарды сөзін айтқан болатын.

[smartslider3 slider=1174]

Міне, содан бері Елбасы ел-жұртына арқа сүйеп келеді, ал халқы болса Тұңғыш Президентіне деген сенімін жоғалтпай, оның бастаған баянды істерін қолдап келеді. Бүгінгі таңда Тұңғыш Президент күніне арналып өткізіліп жатқан игі іс-шаралар сол сенім мен құрметтің айшықты айғағы болса керек. Тұңғыш Президент күніне және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордадағы жоғары көлік және коммуникация колледжінде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты жас ақындардың дәстүрлі жыр мүшәйрасы өтті.
Тәуелсіз Қазақстанның дамуына ерен еңбек сіңірген Елбасына үлкен құрмет көрсетіп, оған деген шынайы сүйіспеншілікті жырлау, сондай-ақ жас ақындардың Елбасына арнаған өлең-жырларын жұртшылыққа жеткізу мақсатында өткізілген бұл мүшәйраға техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде білім алатын жас ақындар қатысты.
– Қос мереке қарсаңында өткізіліп отырған шараның маңызы зор. «Ел намысын ер сақтар, ер атағын ел сақтар» дегендей, Елбасымыздың ерен еңбегін бағалап, жыл сайын осындай жыр мүшәйрасын өткізіп келе жатқан Жоғары көлік және коммуникация колледжіне алғысымызды білдіреміз. Екінші тұрғыдан алғанда, техникалық және кәсіптік колледжінде білім алып жатқан түлектердің білімін жан-жақты жетілдіріп, осындай тамаша жырлар жазғаны қуантады, – деді қалалық білім басқармасы кәсіптік және білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Рахметоллақызы.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бас бәйгені Жоғары көлік және коммуникация колледжінің студенті Нұржан Байқадамов иеленсе, Оразай Мұхаммад І орын, Бұғыбай Асылан ІІ орын, Құлпынай Парахатова мен Смағұл Алдияр ІІІ орын алды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button