Руханият

Елорда архивінде – мол мұра

1995 жылы құрылған Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивінде бастапқыда 40 қор болған. Елорданың тұрақты даму серпіні архив қоры құжаттарының толықтырылуына әсер етті.

[smartslider3 slider=296]

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша архив жалпы көлемі 382626 сақтау бірлігі бар 722 қордың сақталуын қамтамасыз етеді. Архив қоры 25 жыл ішінде 18 есеге ұлғайды. Соның ішінде жалпы көлемі 73057 сақтау бірлігі бар 85 қорда аса құнды құжаттары сақталған. Құжаттардың шамамен жалпы көлемі – 50 млн парақ. Құжаттардың шамамен 70 пайызында өшетін немесе сәл контрасты мәтін бар.
Бүгінгі таңда архивте 1915-2020 жылдар аралығындағы бірегей құжаттар сақталуда. Құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. XX ғасыр басындағы араб жазуы, латын және кириллица негізінде жазылған құжаттар да бар.
Құжаттардың үлкен қабаты 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тұрғындардың өмірін, майданға көмек көрсетуді, эвакуацияланған кәсіпорындарды қабылдау мен орналастыруды куәландырады.
Тыңды көтеру – осы өлке тарихының жеке парағы. Бұл процеске барлық Кеңес республикалары қатысты. Тың игерушілердің ұрпақтары әлі күнге дейін елордада тұрады. Тың өлкесі мекемелерінің (Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Целиноград облыстары) қорлары 1961-1965 жылдар кезеңінде сүт, ұн тарту, былғары және өнеркәсіптің басқа да салаларының дамуы туралы мәліметтерді қамтиды.
Ауыл шаруашылығының даму тарихы округтік жер басқармасының, облыстық жерге орналастыру бөлімшесінің, колхоздар мен МТС қорларының құжаттарымен ұсынылған. Мал шаруашылығын дамыту, дәнді дақылдардың өнімділігін арттыру, шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу туралы мәліметтер бар.
Ғылымды, мәдениетті, халыққа білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту, электрлендіру, тұрғын үй құрылысы, көлік пен байланысты дамыту туралы маңызды материалдар жиналды.
1995 жылы архивте «Астана – жаңа астана» қоры құрылды. Онда елорданың жаңа кезеңінің тарихын ашатын құжаттар орналасқан.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button