Ел тынысы

Елорда бағытына жол салынады

Премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қосшы қаласын дамытудың бас жоспарымен танысып, өңірде әлеуметтік инфрақұрылым құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Премьер-министрді өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті.

 

Қазіргі уақытта қалада ресми түрде 59 мыңға жуық адам тұрады, бұл ретте бағалау деректері бойынша тұрғындардың нақты саны 100 мыңнан астам адамды құрайды. 30 мың тұрғынға есептелген инженерлік желілерге айтарлықтай үлкен жүктеме түсуде. Болжам бойынша, халық саны 2038 жылға қарай 150 мыңға дейін өседі. Жаңа бас жоспар аумақты кеңейтуді, жаңартылған қызмет көрсету аймақтарына бөлуді, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді. Қосшы әкімі Азамат Қапышев Үкімет басшысына қаланың тұрғын үй қорын кеңейту, жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар ашу, сауықтыру аймақтарын дамыту және тағы басқа да жоспарланған шаралар туралы баяндады.

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және қосымша қуаттарды құру мақсатында жаңа қазандық, қосалқы электр стансасы мен ЭБЖ, сумен жабдықтау, тазарту құрылыс­тары және басқа да нысандар салу көзделген. 2024 жылы «Сары-Арқа» магистралды газ құбыры арқылы қаланы көгілдір отынмен қамту жұмыстары басталып, 2026 жылы аяқталады. Бұдан басқа, өндірістік және коммуналдық кәсіпорындарға арналған алаңдар салынады. Өнеркәсіпті дамыту және қаланың солтүстік-батыс бөлігінде жаңа жұмыс орындарын құру үшін жалпы ауданы 264 га индустриялық аймақ ашу көзделген. Елордаға апаратын жол салу жоспарлануда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button