Жаңалықтар

Елорда Бизнесіне 600 миллион теңге бөлінді

2c7a29c00b3860532a1cc8d3842

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев пен «Даму» қорының басқарма төрағасы Қаныш Төлеушин тиісті меморандумға қол қойды. Құжатқа сәйкес, елорда әкімдігі мен «Даму» қоры паритетті негізде бөлшек сауда, мейрамхана бизнесі, азық-түлік жеткізу қызметі салаларында және франшизалар сатып алу үшін шағын және орта бизнеске 600 миллион теңге бөледі.

Қаржы екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 8,5%. Несиенің ең көп мөлшері – 200 млн теңгеге дейін. Несие беру мерзімі – 84 ай. Айналма қаржыны толықтыру үшін несие мерзімі 36 айға дейін болады. Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең – 18 айдан аспайды.
– Астана заманауи мегаполиске айналып келеді, қала экономикасының айтарлықтай бөлігін сервистік сектор құрайды. Қазіргі кезде елорда ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық үстінде. Жергілікті халық пен туристер үшін сервисті одан әрі дамытып, бөлшек сауда, мейрамхана бизнесін, қызмет көрсету түрлерін жаңа заманауи деңгейге шығару маңызды. Сондықтан «Даму» қорымен бірге осы бағыттағы бірқатар бағдарламаларды іске қосамыз, – деді қала басшысы Әсет Исекешев.
– Астана әкімдігімен жасалған келісім шағын және орта бизнеске қолайлы жағдайлар жасауда мегаполис үшін маңызды болып табылады. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Астана қаласы ШОБ дамыту көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарда. Бүгінде қалада 104 мың кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 3,2 трлн теңгенің өнімін шығарады. Шағын және орта бизнеспен айналысатындардың үлесі бойын­ша Астана республика бойын­ша екінші орында тұр. Бұл қала халқының 62 пайызын құрайды. Әкімдікпен бірлесіп қолға алынатын бағдарламалар осы ШОБ өсімінің оң үрдісін сақтауға және жақсартуға бағытталған. Бір жағынан, несие бойынша жеңілдікті шарттар – жылдық 8,5 пайыз – елордада бәріне белгілі брендтердің пайда болуына немесе сервисті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді, ал ЭКСПО-2017 қарсаңында бұл өте маңызды, – деді «Даму» қорының Басқарма төрағасы Қаныш Төлеушин.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button