Қала мен Сала

Елорда – дәрігерлер қаласы

Елорда халқының денсаулығын қадағалап, медициналық көмек беруді ұйымдас­тыратын бірден-бір мекеме – Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. Бүгінде басқармаға бағынысты медициналық ұйымдарда барлығы 20 мыңға жуық медицина қызметкері еңбек етеді. Оның ішінде 5600-ден астам дәрігер, 10 000-ға жуық орта медицина қызметкері, 4000-ға жуық кіші медицина қызметкері бар.

[smartslider3 slider=3252]

Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті 38 ұйым көрсетеді. Қалада 9 стационар бар: №1, №2, №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханалары, №1,№2, №3 көпбейінді қалалық ауруханалар, көпсалалы медициналық орталық, қалалық фтизиопульмонология орталығы, қалалық психикалық денсаулық орталығы.

Басқарма жыл сайын жүйелі түрде жергілікті бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтау саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және оқыту жұмыстарын ұйымдас­тырады. Мәселен, 2021 жылы еліміздің ғылыми орталықтарында барлығы 1527 адам, оның ішінде 876 дәрігер, 323 орта медициналық қызметкер және 328 әкімшілік-басқару қыз­меткерлері біліктіліктерін арттырды. Сонымен қатар былтыр барлығы 60 дәрігер онкология, акушерия және гинекология, травматология, нейрохирургия, оториноларингология, хирургия, нефрология, неа­нотология, токсикология, офтальмология, фтизитария бейіндері бойынша  Израиль, Германия, Ресейдің жетекші клиникаларында тағылымдамадан өтті. Халықаралық сарапшылардың қатысуымен мастер-кластар да өткізілді. Биыл барлығы 1740 медициналық қыз­меткерді, оның ішінде 1681 маманды ел ішінде, 59 кадрды шетелде оқыту жоспарлануда. Кадрлардың үздіксіз кәсіби дамуы үшін бюджетте мамандардың біліктілігін арттыруға және оларды ел ішінде және шетелде қайта даярлауға қаражат көзделеді. Мысалы, 2020-2021 жылдарға медициналық кадрларды даярлау үшін 293 орындық мемлекеттік гранттарға 551,2 млн теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді және өткізілген конкурс қорытындысы бойынша 283 резидент қабылданды. Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілгендердің ішінен 274 резидент білім алуда. Орта медициналық қыз­меткерлерді даярлауға арналған 250 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орындарына қолдау көрсетілді, оның ішінде емдеу ісі – 50, мейірбике ісі – 200.

2020-2021 жылдарға медициналық кадрларды даярлау үшін 293 орындық мемлекеттік гранттарға 551,2 млн теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді және өткізілген конкурс қорытындысы бойынша 283 резидент қабылданды. Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілгендердің ішінен 274 резидент білім алуда. Орта медициналық қызметкерлерді даярлауға арналған 250 мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орындарына қолдау көрсетілді, оның ішінде емдеу ісі – 50, мейірбике ісі – 200

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында 2023 жылға дейін дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру көзделген. Арттыру мониторингінің қорытындысы бойынша дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 30%-ға артып, 327,4 мың теңгені, орта медициналық персоналдың жалақысы 20%-ға (226,9 мың теңге) көбейді.

Медициналық жоғары оқу орындарының мамандары мен түлектерін тарту бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары шеңберінде «Назарбаев Университеті», Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Семей қалаларының медициналық университеттерімен, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен стратегия­лық әріптестік жүргізілуде. Медициналық ұйымдардың басшылары мен адам ресурстары жөніндегі мамандары жыл сайын еліміздің медициналық жоғары оқу орындарындағы «Бос орындар жәрмеңкесіне» қатысады. Бос орындар ай сайын enbek.kz электрондық еңбек биржасында және Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының сайтында орналастырылады.

Мамандарды бекітуге ықпал ететін басты факторлардың бірі тұрғын үй мәселесі болып табылады, оны шешу үшін әкімдік жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй; жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар үшін «Шаңырақ» бағдарламаларын іске асыруда. Сондай-ақ «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйді өткізуге құжаттарды қабылдау рәсімі өткізілді. Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы медицина қызметкерлеріне арналған 3 жатақхананың құрылысы бойынша жобаларды іске асыруда. Біріншісі, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданында орналасқан денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған жатақхана салу жобасы. Екіншісі, Есіл ауданы, Т.Рысқұлов және Сауран көшелерінің қиылысында орналасқан денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған жатақхана жобасы. Үшіншісі, Ильинка тұрғын алабындағы Сексеката, ­­­Б.Саттарханов және Қозыкөш көшелерінің қиылысындағы ауданда білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлеріне арналған жатақхана жобасы. Ал кадр мәселесіне келсек, елордадағы мемлекеттік денсаулық сақтау секторында 309 дәрігер, 244 орта медицина қызметкерлері тапшы.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button