ДенсаулықҚала тіршілігіМәслихат

Елорда денсаулығына қанша бөлінді?

Алдағы үш жылға елорданың денсаулық сақтау саласына 18 млрд 340 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы қалалық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия­ның отырысында елорда бюджетінің 2022-2024 жылдарға арналған жобасын талқылау барысында айтылды.

[smartslider3 slider=854]

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың айтуынша, келесі жылғы қаланың денсаулық сақтау саласына 8 млрд-тан астам қаржы бөлініп, тағы қосымша 1 млрд 540 млн теңге сұратылған. Бұл өтініш әкімдіктің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы тарапынан қанағаттандырылған. «Қалада медицина қызметкерлерінде жатақхана қажеттілігі бар. Сонымен қатар балалар ауруханаларының қабылдау пункттерін де қайта құру жұмыстары күн тәртібінде тұр. Алдағы уақытта жаңа перинаталды орталық салу, жаңа балалар ауруханасын ашу, 3 емхана, жатақхана тұрғызу, медицина мекемелерін материал­дық-техникалық қамтамасыз ету, күрделі жөндеу, оқыту, баспанамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды бюджетке енгізсек, көптеген мәселелер шешіледі деп ойлаймын» деді Т.Мұратов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button