Ел тынысы

Елорда экономикасына – жеке инвестициялар

Кеше қала әкімі Алтай Көлгінов Канаданың сенаторлары Жан-Ги Джэнэмен, Виктором Оумен, ҚР-дағы Канада Елшілігінің бірінші хатшысы Кэролл Паррмен кездесті. Басқосуда елорда экономикасы үшін жеке инвестициялар тарту мәселесі сөз болды.

Бірінші кезекте қаламыз бен тұрғындарға қажет жобалар қарастырылып жатыр. Осы жылдың 10 айында қала экономикасына 1 триллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылды. Ал 2021-2022 жылдары 2 триллион 300 млрд теңгеден астам болды. Екі ел арасындағы бірлескен ынтымақтастық өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға, жаңа кәсіпорындар ашуға, жұмыс орындарын құруға, инвестициялар тартуға және т.б. мүмкіндік береді, – деді әкім.

Кездесуде сонымен қатар Астана мен Торонто арасында әріптестік қарым-қатынас орнату, білім беру, туризм, экономика, мәдениет және т.б. салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сол сияқты Канада кәсіпкерлерімен елордада сұйытылған газ өндіру зауыты секілді өзге де кәсіпорындар ашу мәселесі көтерілген.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button