1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні

Елорда – елбасының тарихи жобасы

1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші жалпыхалықтық сайлау­да Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 2011 жылдан бастап осы күн Қазақстан ­Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып аталып өтеді.

[smartslider3 slider=1211]

Елбасының бастамалары, жобалары мен тапсырмалары әрқашан халықтың әл-ауқатын жақсартуға және Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған, сондай-ақ өзінің өзектілігі мен уақытылы екендігін дәлелдеді. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасының басты жобаларының бірі, әрине, тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы – қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы.

1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстанның Тұңғыш Президенті ел астанасын Алматыдан сол кездегі провинциялық Ақмолаға көшіруді ұсынып, осы шешімнің пайдасына негізделген дәлелдер келтірді. Ол кезде, 27 жыл бұрын, мұндай таңдаудың дұрыс­тығына сенбейтіндер көп болды. Алайда бүгінде Қазақстанның елордасы бүкіл әлем жұртшылығына тек елдің ғана емес, Еуразияның мәдени, саяси, экономикалық, әлеуметтік процестерінің орталығы, Шығыс пен Батыстың барлық үздік жетістіктерін сіңірген мегаполис ретінде танымал.

«Біз өзіміз жасаған ісімізге таңданамыз және қуанамыз, бұл – біздің халқымыздың жеңісі, қазақстандықтардың жеңісі, өз қолымен қала салғандардың, әр кірпішті қалаған жандардың жеңісі. Әрине, біздің де еңбегіміз бар. Мұнымен тоқтап қалмаймыз, одан әрі жұмыс істейтін боламыз» деді Нұрсұлтан Назарбаев елорда туралы.

Елбасының бастамасымен және жеке бақылауымен елордада іске асырылған алғашқы және маңызды жобалардың бірі еліміздің бас қаласының «өкпесі» деп аталатын «жасыл белдеу» болды.

«Біз қазақстандықтар мақтан тұтатын және алыс-жақын шетелден келген барлық қонақтарымыз тамсанатын тамаша астананы салдық. Қаланы дамытумен бірге мен елорданың айналасына жасыл желек отырғызу міндетін қойдым. Барлығы бұл далада орман ешқашан өспейді деп ойлады, ғалымдар топырақ қолайлы емес деп айтты және көп күш қажет болады деді. Бірақ көріп отырғанымыздай, қазір орман тұр. Бұл ағаштар бізді жазда шаңнан, ал қыста боран мен қарлы бораннан құтқарады. Нәтижесінде қаламыздың климаты жұмсарып кетті» деді Елбасы бірнеше жыл бұрын.

Қазірдің өзінде алғашқы отырғызылған ағаштардың биіктігі 20 метрге жетіп, Қазақстан даласының ортасында тығыз орман құрады. 100 мың гектардан астам аумақта 12,1 млн-нан астам ағаш пен бұта отырғызылды.

Нұр-Сұлтанның «жасыл белдеуі» қоян, кекілік, қырғауыл және басқа да көптеген жануарлардың үйіне айналды. Бүгінгі таңда бұл – жай орман ғана емес, сонымен қатар азаматтар белсенді демалыс өткізе алатын бүкіл демалыс аймағы. Мұнда ат спорты кешенінің құрылысы аяқталып, жалпы ұзындығы 13,2 шақырым болатын мінуге арналған соқпақ пайдалануға берілді. Сондай-ақ скейтбординг алаңдары, теннис, футбол алаңдары, балалар ойын алаңдары орнатылады.

Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған тағы бір маңызды тарихи және стратегиялық жоба – елорданы газдандыру. Бұл қаланы түтіннен құтқаруға, экологияны жақсартуға, азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Елордада аз қамтылған отбасыларға үйлерін газға көшіру бойынша әлеуметтік көмек көрсетіледі. Негізгі критерий – басқа тұрғын үйдің болмауы және төрт ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы (153872 теңге). Сонымен қатар аудан әкімдіктері тұрғындарды газдандыру барысы туралы ақпараттандыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, консультациялық көмек көрсетуде.

Бұған дейін «Көктал-1», «Көктал-2», «Железнодорожный», «Промышленный», «Агроқалашық», «Оңтүстік-Шығыс» тұрғындары үйлерін «көгілдір отынға» ауыстыру мүмкіндігіне ие болды. Ол үшін 650 км астам газ тарату желілері салынды. Қаланы толығымен газдандыру 2023 жылға жоспарланған. Бұл жұмыс – Мемлекет басшысының бақылауында.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button