Жаңалықтар

Елорда гимнастшылары олжалы оралды

Таиландтың Паттайя қаласында ересектер арасында өткен XI Азия чемпионаты және көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы XVII Азия чемпионатынан елордалық спортшылар жүлделі оралды.

[smartslider3 slider=3387]

Қыздардың жетістіктері мен алдағы жарыстары туралы Нұр-Сұлтан қаласының Көркем гимнастика федерациясының атқарушы директоры Жанат Мейрамұлы бөлісті.

– Көркем гимнастикадан ҚР бас жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлия Юсупованың басшылығымен біздің қыздар түрлі деңгей бойынша жалпы 13 медальге ие болды. Оның алтауы – алтын, бесеуі – күміс және екеуі – қола медаль. Осылайша биыл тамыз айында өтетін  бірнеше ірі жарыстарға шақырту алдық, яғни қыздарымыз көркем гимнастикадан Түркияда өтетін Ислам ынтымақтастық ойындарына және Румынияда өтетін Әлем кубогына барады. Сонымен қатар қыркүйекте Болгарияда өтетін әлем чемпионатына да шақырту бар, – деді ол.

Аталған жарыста 17 елдің шебер қыздары жеке біріншілік және топтық жаттығуларда өнерін ортаға салған. Азия чемпионатының қорытындысында  Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы командалық көпсайыста алтын, жеке бағдарлама мен доп тебуде алтын, құрсау, шоқпар және лентада үш күміс, топ ойыншылары көпсайыста және топта екі алтын, ал доппен жаттығуда қола жеңіп алған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button