Елорда тынысы

Елорда көшелерінің электронды паспорты әзірленуде

Енді Астанада әр көшенің жеке электронды паспорты болады. Бұл туралы Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасның басшысының орынбасары Мерей Байырхан мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

«Қазір елорда көшелерінің толық паспорты дайындалып жатыр. Бұл жұмыс былтыр басталды, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты айналысуда. Әр көшенің электронды паспорты болады, ол жерде жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі, жаяу жүргіншілерге арналған жолдың ұзындығы қанша метр, тағы сол сияқты мәліметтер көрсетіледі», – деді Мерей Байырхан қалалық мәслихаттың комиссия отырысында.

Оның айтуынша, елорда көшелерін цифрландыру жұмыстары алдағы қыркүйекте аяқталады.

Айта кетейік, бүгін қалалық мәслихатында құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Күн тәртібінде Астана қаласы мен маңындағы тұрғын алаптарында жол салу және жөндеу мәселелері қаралды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button