Елорда колледждерінде 40 мыңнан астам студент білім алады
Қазіргі уақытта Астана қаласында 32 колледж жұмыс істейді. Оның ішінде 9-ы – мемлекеттік, 23-і – жекеменшік. Бұл туралы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Спикердің мәліметінше, жаңа оқу жылында 40 мыңнан астам студент 73 мамандық және 121 біліктілік бойынша білім алуды жоспарлап отыр, оның ішінде 27 мың студент (67%) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша.
«2024 жылдың соңында 9,9 мың адам бітірді. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы өткен жылмен салыстырғанда 3500 орынға ұлғайды, бұл 8 бағыт бойынша 12000 орынға мамандықты құрайды. Қазіргі таңда колледждерге қабылдау жалғасуда. Байқау қорытындысы 23 тамызда білім басқармасының сайтында жарияланады», – дейді Серік Әділбаев.