Елорда мәдениеті алға басады
Астана қаласының мәдениет саласында 2 мыңнан астам адам еңбек етеді. Осы саланы дамыту жұмыстары келесі 3 жылда Астана қаласы әкімдігі мен мәслихаты бекіткен 59 негізгі бағытты қамтиды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
-Маңызды қадамдардың бірі – инновациялық технологияларды енгізу. Қазірдің өзінде Астана қаласының «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» кітапханаларындағы кітап қорларын есепке алу және инвентаризациялау процесін оңтайландыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған «RFID» жүйесін сатып алу үшін бюджеттік өтінім жасалды, – дейді Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов.
Оның айтуынша, құрылғыларды сатып алуға қаржы бөлінді, олардың қатарында акустикалық дыбыстық студия «Lite-базалық», сандық үлкейткіш «CONNECT 12» және оқу құралы «Orbit Reader 20» бар. Бұл құрылғылар аз қозғалысқа қабілетті азаматтар үшін оқыту және демалыс мүмкіндіктерін кеңейтеді. «Астана Инновациялар» АҚ-мен бірлесіп ведомстволық ұйымдардың цифрландыруын талдау жүргізілді. Ұсынылған бастамалар арасында «Жастар сарайы» ғимаратын цифрлық трансформациялау бар.