Басты ақпарат

Елорда мақтанышы

Он бір жыл бойы озат оқып, үздік үлгерім көрсеткен 294 елордалық түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Білімді жеткіншектерді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов марапаттады.

Талаптың тұлпарын мініп, тас қияға өрлеген ұл-қыздар үшін ұйымдастырылған «Елорда мақтанышы» атты салтанатты кештің атмосферасы мүлде ерек болды. Жиын барысында шаһар басшысы:
– Биыл 6274 астаналық оқушы мектеп бітіріп, өмір жолдарындағы алғашқы белесті бағындырды. Оның 294-і – «Алтын белгі» иегерлері. Сендерді алда талай өзгеріс­тер мен жаңашылдықтар күтуде. Оның бәрі әрқашан батыл қадамдарға, қай салада болмасын жетістіктерге жетелейді, – деп жас түлектерге үлкен сенім арта сөйледі.
«Алтын белгі» иегерлерінің саны бойынша №1 мектеп-лицей – алғашқы орында. Онда 16 түлек аталған марапатқа ие болды. Одан кейінгі орындарда №48 (13 түлек), №69 (11 түлек), №62 (11 түлек), Нұр-Орда (11 түлек), №61 (9 түлек) мектептер мен дарынды қыз балаларға арналған Білім-инновация лицейі (9 түлек) тұр.
Сондай-ақ Алтай Көлгінов мектеп мұғалімдерінің еңбегін де елеусіз қалдырмады. Елорда әкімі бүгінде қаладағы 93 мыңдай шәкірт түрлі олимпиадалар мен зият­керлік жарыстарына қатысып жүргенін, өткен оқу жылында республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларда 107 алтын, 167 күміс және 180 қола – жалпы саны 424 медальді қанжығаға байлағанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ қала басшысы бұл көрсеткіштер елордадағы 17 мың ұстаздың жемісті еңбегі екенін де айтты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button