Әлеумет

Елорда медицинасында қандай мамандар тапшы

Әкімдікке қарасты медициналық ұйымдарда 200-ден астам қызметкер жетіспейді, оның 90-ы – дәрігер, 116-сы – орта буын медицина қызметкерлері, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, аса қажет мамандар – жалпы практика дәрігерлері, жедел жәрдем дәрігерлері және клиникалық фармакологтар.

«Кадр тапшылығы лауазымдарды қоса атқару есебінен шешіледі. Дәрігерлерге, оның ішінде аса тапшы мамандықтарға деген тапшылықты шешу үшін 2024-2028 жылдарға жергілікті бюджет есебінен 72 резидентура гранты бөлінді. Барлығы 2 жыл ішінде (2023-2024 жж.) 70-ке жуық резидент жұмысқа орналастырылды. Биыл әкімдік гранттары есебінен тағы 91 резидент оқуын тәмамдайды деп күтіліп отыр, бұл кадр бойынша тапшылықты өтеуге мүмкіндік береді. 2024 жылы 474 медицина қызметкері біліктілігін арттырды, оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан шетелде 88 медицина қызметкері білім алды», – деді басқарма басшысы Әлия Рүстемова.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласында 11 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді, оның ішінде 3 мыңға жуық дәрігер бар. Биыл біз 500-ге жуық медицина қызметкерін біліктілігін арттыруға жіберуді жоспарлап отырмыз, оның ішінде сирек мамандықтар (эпилептологтар, сурдологтар және т.б.) да бар.

«Медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау аясында әкімдік 2025 жылы 303 пәтерлік жатақхананың құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Үркер тұрғын алабында 160 пәтерлік тағы бір жатақхана салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта жобалық құжаттама әзірленіп жатыр», – деді ведомство.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button