Елорда тынысы

Елорда намысын қорғайды

Бас қалада көркем гимнастикадан қалалық чемпионат өтті. Жарысқа 300-ден аса гимнастшы қатысты.

[smartslider3 slider=2500]

Тәуелсіздік сарайында өткен чемпионатта 8-16 жас аралығындағы спортшылар топтық жаттығулар мен жекелей бағдарламаларын орындап, өздерінің спорттық дәрежелерінің нормативтерін орындады.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жас ерекшелігіне қарай спорт шеберлігіне үміткер, 1-2-разряд иесі атағы берілді. Жүзден жүйрік атанғандар бас бапкердің шешіміне сай қала құрамасының мүшесі атанды. Сонымен қатар алда өтетін ел біріншілігіне және маңызды турнирлерге қатысуға мүмкіндік алды.

«Жарысқа қатысушылардың ынтасы ерекше болды. Қала бойынша барлық мектептердің шәкірттері өнерін ортаға салды. Топтық жаттығуда және жекелей бағдарламада 2006 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі туған жасөспірімдер сынға түсті. Олар 5 шеңбер, 5 доп, 5 секіртпе, 3 лента және 2 доппен өнер көрсету сынды 6 дисциплина бойынша бақ сынасты. Қатысушылардың шеберлігіне қарап елорданың көркем гимнастикасының ертеңі жақсы деген баға беруге болады» дейді Нұр-Сұлтан қаласының көркем гимнастика федерациясының атқарушы директоры Ж.Мусин.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button