Жаңалықтар

ЕЛОРДА ӨНДІРІСІ ЕСЕЛЕНДІ

Астанада жыл өткен сайын өнеркәсіп саласы ұлғайып келеді. Биылғы жылдың басынан бері қала аумағында өндірілген өнеркәсіптік тауарлар мен қызметтер көлемі 145,5 млрд теңгені құрады.

ERM_7155

Нақтылап айтқанда, Астанада өңдеуші өнеркәсіптік, құрылыс индустриясы, тамақ өнімдерін дайындау, электр қуатымен және сумен жабдықтау салаларында өнім­нің нақты көлемі ұлғайып отыр. Мәселен, өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлемі өткен жылдың алғашқы бес айындағы деңгеймен салыстырғанда 2,1 пайызға өскен. Бұл ретте машина құрастыру, металл бұйымдарын жасау, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде жоғары көрсеткіштер байқалады.
Тамақ өнімдері өндірісінде нақты көлем индексі 113,4 пайызды құрады. Әсіресе, ұн өндіру көлемі арта түс­кен. Құрылыс индустриясында да еселі көрсеткіштер бар. Қалада жүргізіліп жатқан құрылыс кәсіп­орындары үшін, жалпы тапсырыс берушілердің сұранымына қарай металл есіктер мен есік босағалары, терезелер және олардың жақтау­ла­рын дайындау, құрылыс жұмыс­та­рына қажет қоспаларды әзірлеу өндірісінің көлемі артып отыр.
Сонымен қатар, қалада электр қуатымен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптаудағы өнім көлемі 27,7 миллиард теңгені құрады.
Түптеп айтқанда, күн санап сәулеті мен дәулеті өркендеген Астанада өнеркәсіп өндірісі де жоғары көр­сеткіштерді бағындыра бастады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button