Құқық

Елорда оқушылары үшін сот процесінің онлайн трансляциясы көрсетілді

«Заң және Тәртіп» қағидасын және «Жас үміт» жобасын жүзеге асыру аясында Сарыарқа ауданы прокуратурасының бастамасымен мектеп оқушыларына сот отырысы көрсетілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мақсат – жастар арасында есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстардың алдын алу.

Елорданың 25 мектептерінің 1000-нан астам оқушылары онлайн және сот залында процеске қатысты.

Сотталушы орындығында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында аса ірі көлемде психотропты заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтаған 21 жастағы қала тұрғыны отырды.

Қылмыскердің жасы, іс-әрекетінің нәтижесін ойламауы және оның салдары алаңдатушылық тудырады.

Сот үкімімен кінәлі тұлға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Теріс салдардың алдын алу мақсатында Астана қаласының прокуратурасы есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу – мүлкі тәркіленіп 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын ескертеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button