Елорда тынысы

Елорда оқушыларына есірткі профилактикасы түсіндірілуде

«Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері, психологтар және кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полицияның инспекторлары Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесу өткізді. Жиында нашақорлықтың себептері және онымен байланысты қылмыстар талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараның негізгі мақсаты жасөспірімдерге есірткінің зияны, оның денсаулыққа және әлеуметтік өмірге тигізетін әсері, сондай-ақ болашақта нашақорлықпен байланысты проблемалардың алдын алу болды.

Мұндай профилактикалық бағдарламалар жастар арасында есірткіні пайдалануды азайтуға ғана емес, сонымен қатар психикалық денсаулықты жақсартуға, оқуға деген ынтаны арттыруға және қылмысты азайтуға көмектеседі. Қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасарының м.а. Алмагүл Айтжанова жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы хабардар болудың маңыздылығын атап өтті.

Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, мамандарға сұрақтар қойды, бұл олардың осы мәселені шешуге деген қызығушылығын көрсетеді.

Мұндай іс-шаралар жыл соңына дейін елорданың барлық ауданында тұрақты негізде өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button