Құқық

Елорда полицейлері такси жүргізушілерін жаппай тексеруде

Астана қалалық полиция департаменті «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында такси жүргізушілерін тексеруді бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Іс-шара 5-29 ақпан аралығында өтеді,. Соның аясында полицейлер такси жүргізушілері арасында жолаушы және багажды тасымалдау ережелерінің сақталуын қадағалайды. Астанада мемлекеттік нөмірсіз жүрген 46 жүргізуші анықталды. 5 ақпаннан бері полицейлер жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 9 такси жүргізушісін анықтады. Сондай-ақ мемлекеттік нөмірі жоқ көлік мінген 46 жүргізуші қолға түсті. Тағы 380 жүргізуші міндетті техникалық байқаудан өтпегені анықтылды. 500-ден астам жүргізуші жолаушылар мен жүк тасымалдау талаптарын сақтамаған.

Атап айтқанда, патрульдік полиция қызметкерлері тиісті тіркеу құжаттарын рәсімдемей, қосымша арқылы такси қызметін атқарған Өзбекстанның 35 жастағы азаматтын ұстады. Тәртіп бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button