Құқық

Елорда прокуратурасы 280 инвестордың құқығын қорғады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратура «инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгіні» іске қосты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мақсаты — инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша тиімді құралдарды енгізу. Осы жұмыс шеңберінде елорда прокуратурасыинвесторлармен арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі — АЭА) қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттарды заңсыз бұзу фактілерінің жолын кесті. Мұндай шарттарды бұзу тәртібі «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңымен (бұдан әрі — Заң) регламенттелген. Бейінді министрлік АЭА қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарты бекітілген. Алайда, басқарушы компания – «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы»ЖШС-і шарттарды біржақты тәртіппен бұзуға құқық беретін, Заңда және үлгілік шартта көзделмеген тармақтарды белгілеп, 280 шарт жасасты.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде Басқарушы компания барлық инвесторлармен шарттарды қайта жасасу рәсімін бастады.
Естеріңізге сала кетейік, проблемалық мәселелер туындаған кезде инвесторлар Бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың 8-747-216-15-58 телефоны арқылы жүгіне алады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button