Спорт

Елорда құрамасы анықталды

Балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында грэпплинг AIGA-дан Астана қаласының чемпионаты өтті.

Жарысқа елордалық 17 клубтан келген 220 спортшы қатысып, бақ сынады. Олимпиадалық емес спорт түрлері дирекция құрама командасы үшін чемпионат сәтті өтті. Олардың қоржынында – 2 алтын, 2 күміс, 2 қола. Сонымен қатар үздік деп танылған спортшыларға арнайы кубоктар табысталды.

– Астана қаласының чем­пионаты жоғары деңгейде өтті. Қала клубтарынан 200-ден астам спортшы қатысты. Жарыста жоғары нәтижеге қол жеткізген спортшылар алдағы уақытта өтетін ел чемпионатына тікелей жолдама алды, – деді Астана қаласының аға жаттықтырушысы Мұхаммед Нұркин.

Жарыс қорытындысы бойынша астаналық Нұрсұлтан Мендыбаев 65 келі салмақта, Александр Назаренко 100 келіде қарсыласынан айласын асырып, бірінші орын алды. Мұса Нұридинұлы (70 келі) мен Александр Назаренко (83 келі) екінші орын, Бекзат Сахиев (65 келі) пен Әбду-Әли Абдуқадыр (76 келі) үшінші орын алды.

Турнирде үздік өнер көрсеткендер арасында Александр Назаренко «Үздік жекпе-жек көрсеткені үшін», Нұрсұлтан Мендыбаев «Үздік әдіс үшін», Бекзат Сахиев «Үздік жекпе-жек көрсеткені үшін», Мұса Нұридинұлы «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» аталымы бойынша марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button