Жаңалықтар

Елорда – «қызыл» аймақта

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 2022 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

[smartslider3 slider=1736]

Жаңа мәлімет бойынша Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа оралды. Алматы, Шымкент қалалары, Атырау облысы «сары» аймақта тұр. Еліміздің басқа өңірлері «жасыл» аймақта.

«Бүгінгі таңда елордада КВИ бо­йынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай байқалып отыр. Коронавирус­пен ауырғандардың саны бірнеше есе өсті. КВИ стационарларында 425 пациент емделуде. Инфекциялық төсектердің жүктемесі 70 пайыздан асып барады.

Сондай-ақ елордада желтоқсан айында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде бір сынамадан «Омикрон» штамы анықталғаны белгілі болды. «SARS-Cov-2 вирусының «Омикрон» штамының айналымына байланысты қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап, шиеленісе түсуі мүмкін. Сондықтан барлық сақтық шараларды ұстану қажет» екенін айтады елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button