Елорда тынысы

Елорда «сары» аймаққа оралды

Елорда эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 15 желтоқсаннан бастап «жасыл» аймақта болатын. Алайда КВИ қарқынының өсуіне байланысты Нұр-Сұлтан қайтадан «сары» аймаққа қайта оралды.

[smartslider3 slider=1636]

Елорданың санитарлық-эпидемио­логиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияның даму қарқыны бойынша RT репродуктивті саны 1,019 құрады, оған сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймаққа өтті. RT репродуктивті саны аймақтарды анықтау критерийлерінің бірі болып саналады.

Апталық жұқтыру көрсеткішін салыс­тырар болсақ, өсу байқалады. Мәселен, бір апта ішінде COVID-19 инфекциясының 564 жағдайы тіркелді (алдыңғы аптада – 542 жағдай), коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың қарқынды көрсеткіші тиісінше 47,5 және 45,6 құрады, яғни сырқаттанушылық көрсеткіші алдыңғы аптадан 4%-ға жоғары болды, бұл Rt санының 1-ден жоғары өсуіне және «жасыл» аймақтан «сарыға» ауысуына әкеп соқты.

Мереке күндері аурудың көбеюінің негізгі себептері кейбір тұрғындардың карантиндік шектеулерді сақтамауы: адам көп жиналатын жерлерге бару, маска режимін сақтамау, пациенттер мен жақын байланыста болған адамдар үшін үй карантинін сақтамау.

«Коронавирустың таралу қаупін және мерекеден кейінгі оң жағдайларды тіркеу санының артуын ескере отырып, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерде өткізілетін іс-шараларды қоспағанда, барлық келушілер мен қызметкерлерде «жасыл» статус болған кезде ғана 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан аспайтын жағдайда, жаппай іс-шараларға, оның ішінде отбасылық, корпоративтік іс-шараларға тыйым салынғанын еске саламыз. Алдағы мереке күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі. Сауда және басқа да нысандардың иелері карантиндік шектеулерді бұзбауы, санитарлық нормаларды толықтай сақтауы тиіс» деп ескертті қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде.

Елорда тұрғындары мен қонақтары өткен мереке күндері карантиндік шараларды сақтаса, қаланың «сары» аймаққа көшуіне жол бермеуге болатын еді. Шектеу шаралары мен саннормаларға немқұрайлы қарау елорданың 7 ай бойы (10 наурыздан 26 қазанға дейін) болған «қызыл» аймаққа жақындау қаупін арттырады.

Алдағы жаңа жылдық мерекелер эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирустық инфекция­мен сырқаттанушылықтың өсуіне әкеп соқтырмауы тиіс, бұл әрбір азаматтың мінез-құлқына және алдын алу шараларын ұстануына тікелей байланысты. Сондықтан қала тұрғындарын жаңа жылды шағын ортада, туыстарымен бірге қауіпсіз түрде атап өткені абзал.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button