Жаңалықтар

ЕЛОРДА ШЕЖІРЕСІ СЫР ШЕРТЕДІ

«Бәйтерек» монументі маңындағы әуенді су бұрқақ алаңында ел егемендігінің 25 жылдығы мен Астана күніне арналған «Тәуелсіздік жыры – Астана» атты фотокөрме ашылды. Елорда әкімдігінің Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз
ету жөніндегі дирекциясы ұйымдастырған көрмеге Игорь Бургандинов, Виктор Федюнин сынды БАҚ фототі­ші­лерінің және әуесқой фотограф Генрих Куприяновтың 300-ге жуық жұмыстары қойылды.

kbb_7480

Фотокөрмеде елорда дамуының айшықты кезеңдері қамтылған. Мәсе­лен, Астана 1999 жылы ЮНЕСКО шешімімен Бейбітшілік қаласы атан­ғаны, ал 2000 жылдан бері бас қала Астаналар және ірі қалалар ха­лық­аралық Ассамблея­сының мүшесі болып келе жатқаны белгілі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана құрылысында батыс пен шығыс әлемдерінің арасында ортақ арна тауып, еуразиялық стиль қалыптас­тыру идеясын атақты жапондық сәулетші Кисе Курокова мен ағыл­шын сәу­летшісі Норман Фостер іске асырды. Соның нәтижесінде Бей­бітшілік және келісім сарайы, әлемдегі ең биік шатырлы құрылыс – «Хан шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы, «Астана Опера» театры, ҚР Ұлттық музейі, «Қазақстан» Орталық концерт залы, т.б. көрікті ғимараттар салынды. Фото­көрмеде соның бәрінен сыр шертеді.

kbb_7484
Ұйымдастырушы тараптан сөз алған Тарихи-мәдени мұра объекті­лерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирек­ция­сының басшысы Ерлан Саттыбаев аталған көрменің мән-маңызын айтып өтті. Өнертанушы Камилла Ли фотосуреттің Астана тарихында алатын үлкен орнына тоқталды. Көрмеге қойылған фотосуреттер авторларының бірі, Астананың ба­йырғы тұрғыны, мамандығы дәрігер болса да, фотосуретшілік өнерді жанына серік еткен Генрих Куприянов қала оның көз алдында өскенін, тек көлемі жағынан ғана емес, жергілікті халықтың мәдени-инттелектуалдық деңгейі де артқанын атап өтті.
Тарихи-мәдени мұра объекті­лерін және ескерткіштерді сақ­тауды қам­тамасыз ету жөнін­дегі дирекция­сының қызмет­кері Нелли Шивринаның айтуынша, бұл бастамасы ғана. «Келесі жылы осындай көрмені ау­қымды етіп өткіземіз. Оның ұзын­дығы «Хан Шатырдан» басталып, Ақ Ордаға дейін созылады. Әрине, сол шарамызды «ЭКСПО-2017» халық­аралық көрмеге арнаймыз» дейді дирекция қызметкері.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button