Елорда спортшылары Азия чемпионатында 5 алтын медаль жеңіп алды

Бангкок (Таиланд) қаласында мектеп оқушылары арасында Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 18 Азия елінен 1500 спортшы қатысты. Бұл сында Қазақстан намысын қорғаған елордалық спортшылар бес бірдей алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бірінші жарыс күнінде елордалық спортшылар жоғары деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Чемпионат қорытындысы бойынша елордалық спортшы Ханзада Нұрлыбекова жалпы есепте 2-орын алып, 259 ұпай жинап, «Үздік спортшы» кубогына ие болды.
Елордалық спортшылардың нәтижелері:
1-күнгі жарыс нәтижелері:
1-орын – Ханзада Нұрлыбекова (100 м шалқалай жүзу);
2-орын – Арсен Амантай (200 м баттерфляй);
3-орын – Луиза Огаз (50 м брасс).
2-күнгі жарыс нәтижелері:
1-орын – Ханзада Нұрлыбекова (50 м шалқалай жүзу);
2-орын – Ханзада Нұрлыбекова (100 м баттерфляй);
3-орын – Ханзада Нұрлыбекова (200 м еркін стиль).
2-орын – Луиза Огаз (200 м брасс);
3-орын – Арсен Амантай (100 м баттерфляй);
3-орын – 4×50 м еркін стиль эстафетасы (МИКС) – Мендіхан Шахмина, Луиза Огаз, Арсен Амантай.
3-күнгі жарыс нәтижелері:
1-орын – Ханзада Нұрлыбекова (50 м баттерфляй);
1-орын – Ханзада Нұрлыбекова (50 м еркін стиль);
2-орын – Ханзада Нұрлыбекова (200 м шалқалай жүзу);
3-орын – Луиза Огаз (100 м брасс);
3-орын – Мендіхан Шахмина (200 м шалқалай жүзу);
1-орын – 4×50 м кешенді эстафета (МИКС) – Мендіхан Шахмина, Огаз Луиза, Амантай Арсен.