Қала мен Сала

Елорда туралы ерек сайт

«ЭКСПО-2017» қарсаңында халықаралық көрмеге келушілер Астана жайлы көп нәрсе білгісі келетіні сөзсіз. Бұл ретте жуырда ашылған 3D.astana.kz сайты қала қонақтарына елорданың әлеуеті мен  күнделікті тіршілігін таныстырып қана қоймай, бас қаланың түкпір-түкпіріне дейін виртуалды серуендеуге мүмкіндік береді.

astana

Сайтта қаланың тарихы, қонақүйлер, сонымен қатар, әуежай және теміржол туралы ақпараттар кеңінен орналастырылған. Ерекшелігі – қаланың әр бұрышына саяхат жасауға болады. Яғни, пайдаланушылар қала көшелері, қонақүй ғимараттары, музейлер, университеттер, ресторандар, театр­лар, сауда ойын-сауық орталықтары, ескерткіштер және басқа да көрікті жерлермен жақынырақ танысады. Мәселен, «Бәйтерек» монументін, «Хан Шатыр», «Керуен» сауда, ойын-сауық орталықтарын, қала мешіттерін, «Қазақстан» концерт залын, Оқушылар сарайын, «Сарыарқа» велотрегін, Назарбаев университетін көруге, тіпті, оларды «аралауға» мүмкіндік бар.
Соңғы технологияның арқасында, экран алдында отырып-ақ, гигапиксельді панорамалар арқылы бейнесуреттерді үлкейтіп, қаланың әрбір бұрышы пен қуысын қызықтауға болады. Ал, жаңалықтар айдарында дәл қазір елордада қандай іс-шаралар болып жатқаны жарияланып тұрады.
Қонақтарға бес жұлдызды мейрамханалардан бастап, хостелдерге дейін таңдау көрсетілген. Қолайлы қонақ үйді тауып, бағасымен келісуге болады.
Жалпы, портал сұлулықты сүйетін, қаланың тарихы мен мәдениетін білгісі келетін қауымға арналған.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button