Басты ақпарат

Елорда жасыл желекке оранады

Биыл Нұр-Сұлтан қаласының Жасыл белдеуі тағы 451518 ­көшетпен толығады. Олардың арасында ­қайың, қарағай, үйеңкі, қарақат және алма ағашы болады.

[smartslider3 slider=2975]

Ағаш отырғызу жұмыстары ауа райының жылынуымен мамыр айының басында басталды. Қазір «Астана орманы» бригадасы күніне 25 мыңнан астам көшет егіп жатыр. Климаттың ерекшелігіне байланысты жасыл белдеу көшеттері суаруды қажет етеді. Көктемде отырғызылған көшеттер биыл 12 рет, содан кейін әр маусымда 6 рет суарылады.

Бүгінгі таңда елорданың жасыл белдеуі 14827 гектар жерді құрайды. Бұл аймақта 9,6 миллионнан астам ағаш пен 1,8 миллионға жуық бұта өседі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button