Жаңалықтар

Елорда жолдары ұзарып барады

2018 жылдың соңына дейін елорданың 65 көшесіндегі жолдар орташа жөндеуден өтетін болады. Көшелердің 15-і қаланың орталығында, 50-і қала шетіндегі тұрғын үй алаптарында орналасқан. Жөнделетін жолдардың ұзындығы 49,9 шақырымды құрайды деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өндіріс, Оңтүстік-Шығыс, Көктал және Агроқалашық тұрғын үй алаптарында 50 көшедегі жолдардың жалпы ұзындығы – 18 шақырымды құрап отыр. Орташа жөндеу жұмыстарының барысында асфальтбетонды жабын төселіп, жолдардың негізі салынады.

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда елорданың шетінде орналасқан 5 көшеде жолдарды жөндеу жұмыстары толық аяқталған. Атап айтқанда, Өндіріс, Көктал, Агроқалашық тұрғын үй алаптары мен Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы 23 көшеде ұзындығы 10,5 шақырымды құрайтын жолдар салынып жатыр. 1 шілдеге дейін қалған көшелерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жолдар кезең-кезеңімен жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Қаланың шет аумақтарын дамыту шеңберінде осы жылы, сондай-ақ, Көктал-2 тұрғын үй алабында 8 көшедегі жолдар салынып, қайта жаңартылып, жарықтандырылатын болады. 8 көшедегі жолдардың жалпы ұзындығы – 3,2 шақырым. Бұл көшелердегі үйлерге инженерлік желілер де тарту жопарланған.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button